«Мектепке дейінгі ұйымдардағы консультациялық пункттерде ата - аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру»
Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі балаларды ерте дамыту институты «мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдары»
Консультациялық қызметке қатысушылар:
Ерте жастағы балалар мен мектеп жасына дейінгі балалар, олардың ата-аналары (заңды өкілдері) және мектепке дейінгі ұйымның мамандары.
Балалардың ата — аналарына (заңды өкілдеріне) консультациялық көмек мамандардың қызметін кіріктіру негізінде көрсетіледі және консультациялық қызмет көрсетушілер:
меңгеруші; әдіскер; тәрбиешілер; педагог-психолог; медбике.
Консультацияны ата-аналардың (заңды өкілдердің) қажеттіліктерін ескере отырып, бір уақытта бір немесе бірнеше маман жүргізіп отыр.
Жеке және топтық консультацияларды жүзеге асыру үшін, экологиялық бағытта жабдықталған «Жасыл орта» және « Ұлттық орта» кабинеттері жиһаздармен жабдықталған (үстел, орындықтар, ноутбук және т.б.) және дидактикалық материалдың жеткілікті санымен қамтылған.
Әр тұлғаны , бала моделін қалыптастыруға бағытталған шаралар,топтастырылып жүргізілуде:
1-жазбаша шақырулар, консультациялық пункттің мақсаты,ұсынылатын қызметтер және ата-аналар үшін пайдасы туралы қысқаша мәлімет беріп шақыру хаты, хабарлама жіберу арқылы 13 ата-ана қабылдауға жазылды.
2-«Консультациялық пункт» айдары жүргізілуде, яғни вертуалды онлайн-форматтағы консультациялар , шеберлік-сыныбы жүргізіледі , ал консультацияларға қатыса алмаған ата-аналар үшін,бейнежазбасы жіберіледі. Барлық фото және бейнематериалдарға, бейнеконсультацияларға, шеберлік сыныптарына, вебинарларға және пайдалы интернет-сайттарға сілтемелер білім беру ұйымының сайтындағы «Консультациялық пункт» айдарында және әлеуметтік желіде (Instagram) орналастырылған.
3-Іс шаралар, интерактивті әдістер (онлайн-офлайн байқау ,жоба, тақырыптық сағаттар өткізіледі. Онлайн-офлайн байқауларға қатысу, тақырыптық сағаттарға қатысу- Үйдегі қарапайым дүниелер мен қолданыстағы бұйымдарды пайдалана отырып, балалардың үй жайындағы қол мотрикасын дамыту,физикалық аман-саулықты, әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілікті, таным мен зерттеуге деген жоғары ішкі мотивацияны дамытуды, өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсетуді, командада жұмыс істей білуді, креативтілікті,психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді.
